$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Елімізде қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
05.02.2025ж. 11:46
84
Елімізде қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Енді қыз алып қашқандар 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, заңға толықтыру ҚР Қылмыстық кодексінің оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында.

Жауапкершілік бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар секілді түрлері қарастырылған.

Барлығы жағдайға байланысты. Егер кәмелет жасына толмаған қыз балаға қатысты ма және оны адамдар тобы жасады ма, қандай да бір зиян келтірілді ме, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма, оның бәрі бөлек қаралады, – деп нақтылады депутат.