Қазақстандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот ол масаң күйде жасөспірімге тиісті деп мәлімдеді. Ал әртістің өзі ештеңе есінде жоқ екенін айтып ақталды.
Шешім әлі күшіне енген жоқ.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Алматы полициясына 17 жастағы жасөспірім арызбен жүгінген. Жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам оған сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Күдікті белгілі әнші Алмас Кішкенбаев болып шыққан. Ол бұл жайтты әкесіне айтып, өз кезегінде оның әкесі полицияға хабарлаған.