Бүгін Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өндірістік нысандарға қойылатын талап қамтылған заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Astana TV.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осыған қатысты пікір білдірді. Депутат мәселенің өзекті екенін айтып, дереу шешім қабылдау керегін айтты.
Елдегі төтенше жағдайлар талай адамның өмірін жалмаған. Сондықтан саланы тексеріп, қадағалау маңызды.
Еділ Жаңбыршин бизнес емес, адам өмірі бірінші орында болу керек дейді.