$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетуге дайын

AstanaTV
05.02.2025ж. 14:14
78
Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетуге дайын

Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны болса қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Министр Шыңғыс Әрінов басшылықтың кез келген шешіміне қарсы емес екен.

«Басшылықтың барлық шешіміне дайынмын. 12 ай болды осы қызметте жүргеніме. Халық не айтады, соны істеймін. Барлық шешімге дайынмын», - деді министр.

42 жастағы министр 2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті күзет қызметінің бастығы болды. Кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағын алды.

Шыңғыс Әрінов 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып сайланды.