«Air Astana» интернетте әуекомпания атын пайдаланып, онлайн табыс табуды ұсынатын жалған хабарландыру жиілеп кеткенін ескертіп, күмәнді табыс табу жолдарына сенбей, сақ болуға шақырды.
«Мұның компанияға ешқандай қатысы жоқ, бұл - алаяқтық әрекет. Алаяқтардың тұзағына түсіп қалмаңыз және жеке деректеріңізді бөліспеңіздер», - делінген ақпаратта.