Әнші Алмас Кішкенбаев 15 күнге қамалды. Ол 17 жастағы курьерге тапсырысты жеткізу кезінде бірге ішімдік ішуді ұсынып, артынша интимді жеріне қол тигізген. Мұндай ерсі әрекеттен шошынған жігіт әкесіне мән жайды айтып, полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдары мәселені тез арада анықтап, әншіні қамауға алды. Алмас Кішкенбаев ұсақ бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп танылды
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ:
Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, кәмелетке толмағанға қатысты осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К. оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
.