$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады

05.02.2025ж. 20:00
152
Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады

Ұлытауда Ұлы той жақын. Қаражал қаласының тұрғындарының көптен бері сұрап жүрген өтініші орындалды. Оқушылар жаңа мектепке барады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер үшін балабақша қарастырылған. Ол үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұған дейін, Теміржол ауданының балалары өзге білім беру ұйымына автобуспен қатынап оқитын. Енді ол мәселе түбегейлі шешімін таппақ.

ҚАРШЫҒА СЕЙСЕНБЕКОВ, ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

100 астам бала автобуспен барады. Оған кейбірі сыяды, кейбірі сыймайды. Ол, өзіңіз білесіз, қауіпті. Мынау кішкентай мектебімізде мүлдем жағдай жоқ. Жоспар бойынша, Маңайлы ауылының балалары көшіп келіп жатыр. Балалар көбейіп жатыр. Бірақ өтінішіміз бар – мектеп салу.

ТІЛЕШ АШТАЕВ, ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Теміржол ауданында жұмыс істеу қабілеті бар адамдар көп тұрады. Сондықтан, бала саны да көп. Болашақта жаңа мектеп салынса, мектептің ескі ғимаратынан балабақша ашу жоспарымызда бар. Ол ашылса, үйде отырған қаншама жас ата-аналар жұмыспен қамтылар еді.