Биыл "Жұмысшы мамандықтары" жылында бірнеше саланың қызметкерлері үйлі бола алады. Олар үшін "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы іске қосылмақ. Басым кәсіптердің тізімі мен қатысу талабы қандай? Жауабын тілшіміз айтады.
Мөлшерлеме - әлеуметтік осал топтағылар үшін - 7, қалған санаттағыларға 9%. Бастапқы жарна - алғашқы пәтерді таза әрлеумен толық сатып алғанда 10, ал егер толық салынбаған және екінші нарықтағы үйлерге 20%-дан. Жұрт осы мүмкіндіктен қапы қалмасақ екен дейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қолға алу керек қой жұмысшыларды. В основоном осы мемлекеттің тұтқасы жұмысшылар ғой негізі.
- Қай салада болмасын бүкіл мамандықтарға көмек берілу керек, ипотека ала алмай жүргендерге де.
- Жастардың келешегі үшін керек қой.
"Наурыз жұмыскер" бойынша кәсіптер тізімін экономикалық Қызметтің негізгі жіктеуіштері анықтайды. Бұл жоба "Наурыз" бағдарламасының бір бөлігі болғандықтан, шарттары бірдей.
ДАРИЯ БАТЕНОВА, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Наурыз айынан бастап өтінімді қабылдайтын боламыз. 2440 адам жеңілдетілген несие алады деп жоспарлап отырмыз. Талаптарына тоқталып кететін болсақ соңғы 5 жылда аттарында үй болмауы керек. Наурыз бағдарламасы бойынша шоттарында кемінде 2 млн ақшасы болу керек болады.
АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:
Қатысушы басым кәсіптер тізімі наурыздың ортасына дейін ұсынылады. Биыл бағдарламаға 72 млрд теңге бөлінді. Шамамен 2,5 мың отбасы баспаналы болады.