Денеге татуировка салу харам ба? Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осы мәселеге орай пәтуа шығарды. Дін өкілдері тату салдыру күнә дейді. Егер мүмкіндік болса өшірген абзал екенін айтады.
ДИНАРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Жас кезімде білместікпен денеме сурет салдырғанмын. Қазір оның дұрыс емес екенін біліп жатырмын. Жасатқан татуым өзіме қатты ұнайды. Алайда өшіруге тура келіп тұр.
Мамандар денесіне сурет салдыратындар бұл қадамға жайдан-жай бармайды дейді. Әркімнің өз себебі бар. Бірі өміріндегі маңызды оқиғаны естен шығармас үшін салдырса, келесілері тәніндегі тыртықты жасыруға тырысады екен. Қандай жағдай болса да денеге сурет салу дұрыс емес, дейді көпшілік.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қате дұрыс емес. Қазақта салуға болмайды ғой.
- Өзім дұрыс көрмеймін. Алла Тағала таза етіп берген денені, таза етіп ұстау керек.
- Болмайды күнә ол.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, татуаж жасату немесе тату салу дәрет пен намазға кедергі келтірмейді. Алайда ислам дінінде оны денеге салу қате екені айтылады.
ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Адамның денесі аманат өзіне. Яғни адам өз денесімен қалағанын істей алмайды. Пәтуамызда оны кетіру мүмкін болса, кетіру керек. Егер кетіру зиян болса, сол күйі қалады. Оның дәретке, намазға кедергісі болмайды деп сол пәтуада қорЫтындылап еді.
Татуаж инесі бар құралмен жасалатындықтан оның татуировкадан еш айырмасы жоқ. Сондықтан бұл жасанды қастан да арылған жөн.