$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 400-ден астам іс-шара өтеді

05.02.2025ж. 20:00
145
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 400-ден астам іс-шара өтеді

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Мерейтой аясында ел бойынша 400-ден астам іс-шара өтеді. Ауқымды бағдарламалардың алғашқы легі 1 наурызда бастау алады. Солардың бірі – республикалық форум. Сондай-ақ Алғыс айту күні «Қайырымдық керуені» акциясы ұйымдастырылады. Жоспарланған барлық бастама елдегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталады.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мақсат – елдің бірлігі. Біз Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырып жатырмыз. Ассамблея осы мақсатта құрылған. Қазіргі күнде де осы мақсатын іске асырып келе жатыр. Халық жаңарды, демографиялық өсім байқалады. Халықаралық қатынастар да өзгеріп жатыр. Сондықтан Ассамблеяның негізгі мақсаты келісім, бірлік идеясы ешқашан жойылмайды деп айтуға болады.