Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру керек. Техникалық кәсіптерге жастардың қызығушылығын арттырған жөн. "AMANAT" партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес отырысында осы мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, бұл орайда қолға алынуы тиіс шаруаларды пысықтады.
МҰХАМЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Дәл қазіргі таңда жастардың санасында бір нәрсе қалыптасқан. Ол мен заңгер болуым керек, мен экономист болуым керек, болмаса мен мемлекеттік жергілік басқаруды оқуым керек, ал жұмысшы мамандықтар білімі пәндері оны сәл төмен деңгейде санайды. Біз қазіргі таңда жұмысшы мамандықтар пәндерін дәрістерін біз осы мәртебесін көтеріп насихаттап, дәріптеуіміз керек.
Кеңес мүшелері Құрылыс-техникалық колледжін аралап, оқу-тәрбие процесімен танысып, зертханалар мен шеберханалардағы тәжірибе сабақтарына қатысты. Оқу ордасында 750 ге жуық студент білім алып жатыр. Ал, бітірген түлектердің 98 пайызы жұмысқа орналасқан.
ӘСИМА БИМЕНДИНА, "ТALAP" КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
Менімше балалар жақсы білім алып жатыр. Барлық материалдық жағдайлар бар екен осы колледжде. Балалардың бітіргеннен кейін түлектердің жұмысқа орналасып жатыр екен. Ол ең үлкен жетістік деп ойлаймын.
СЕРІК МАЛГЕЛЬДИНОВ, "ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" ШЖҚ МКК ДИРЕКТОРЫ:
Бізде тек қана жұмысшы мамандықты дайындаймыз. Құрылыс саласына. Содан кейін жаңа мамандық аштық Хаус-мастер деген. Ол енді бұрын болмаған. Ол бізге өте қажетті қалаға. Біздің ең бірінші мақсатымыз қалаға жұмысшыларды дайындап, өсіп өнсе бұл біздің қалаға жақсы болушы еді.