Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек 25 пайызға артады

AstanaTV
06.06.2017ж. 20:00
2967
2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек 25 пайызға артады

2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек орташа алғанда 25 пайызға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Жаңа сипаттағы көмек бүгінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға беріліп отырған үш бірдей жәрдемақының орнын басады. Яғни азаматтардың табыс деңгейіне қарамастан берілетін арнаулы жәрдемақы, балалар жәрдемақысы мен қазіргі атаулы әлеуметтік көмек біріктіріледі. Енді әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғындар үш түрлі құжат тапсырып әлек болмайды, халыққа қызмет көрсету орталықтарына бір-ақ апарады, деді министр.

Тамара Дүйсенова,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Бүгін берілетін үш жәрдемақының жалпы сомасы аз қамтылған отбасылардың әрбір мүшесіне ай сайын 6396 теңге көлемінде болып отыр. Ал жаңа жүйеде кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтерілгендіктен, әрбір жан басына берілетін қосымша көмектің сомасы шамамен 2,5 мың теңгеге дейін артқалы отыр. Бұл үшін ендігі жылдың бюджетінен қосымша 42,8 млрд теңге қаралып отыр.