$515.97 €537.8 ₽5.25
×

«Салықты көтергенше, шығынды азайтсын», - депутат

05.02.2025ж. 20:00
81
«Салықты көтергенше, шығынды азайтсын», - депутат

Депутат Берік Бейсенғалиев Қазақстан үкіметіне қосымша құн салығын көтерудің орнына балама жол ұсынды. Бейсенғалиев тиімсіз шығындарды қысқартуды, көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуді және кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тәсілін өзгерту керегін айтты. Оның пікірінше, тек жұмыс орындарын құратын және қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын компаниялар ғана көмек алуы керек.

БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Үкіметтің бюджет тапшылығын толтырудың жолы ретінде НДС-ті бірден 20 пайызға дейін көтеруді ұсынуында. Аталған межені кім анықтады, жүйелі есеп-қисабын кім жүргізді? Оны ресми түрде Мәжіліске қарауға қашан бересіздер - деген сұрақтар туындайды.