$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Астанада 6 соғыс ардагері тұрады

Астанада 6 соғыс ардагері тұрады

Астанада 6 соғыс ардагері тұрады. Биыл жергілікті бюджеттен оларға 30 млн теңге қарастырылған. Ал оларға теңестірілген және өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға атсалысқандар 176 940 теңгеден алады. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы алады. Ардагерлердің одан бөлек курортта тегін емделуге мүмкіндігі бар. Былтыр елордалық 1 соғыс ардагері және 25 тыл еңбеккері шипажайға тегін жолдама алған.

МӨЛДІР ШОЛАТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жергілікті бюджет есебінен ол кісілерге тегін жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі. Тіл еңбек ардагерлері де жылына бір рет санаторлық-курорттық емделумен тегін қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сатып алу жүргізілуде, таңдаған санаторияларына барады.

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай, еліміздегі 120 соғыс ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңге біржолғы материалдық көмек беру жоспарланған. Жыл басынан бастап оларға берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем көлемі - 262 334 теңге болып бекітілді. Сондай-ақ соғыс кезінде жараланып, салдарынан мүгедек болып қалған ардагерлер 279 330 теңгеден алады.