Жұмыстан кешіксең айыппұл арқалайсың. Осылай деп шырылдап жүргендер көбейді. Қызметкердің жалақысынан жырып, несібесінен қағу қаншалықты заңды? Әлде кешігу қанымызда бар дейтіндерді тәубесіне түсірудің жаңаша тәсіле ме? Бекболат Сатуов анықтады.
БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:
Ой өзім асығып келе жатсам. Сағат неше болды жұмыстан тағы кешіктім.
Есік те жабық екен ғой. Енді магниткам қайда. Кешіккеннің көкесі болды ау.
Құдайберген Самат мен секілді күнде кешікпейді. Жұмысқа бару үшін таңменен таласа тұрады. Жолдың ұзақтығын есептейді. Бірақ кейде автобусты көп күтеді. Оның үстіне кептеліске кезігеді. Осылай бір-екі мәрте жұмысқа кешігіп барыпты. Оған бірден айыппұл салынған.
ҚҰДАЙБЕРГЕН САМАТ,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мүлде айлық бермейтін кездері де болады. Әртүрлі ғой. 2016 жылдан бері жұмыс істеп жүрмін осында ше, кез келген жерде болады.
Құдайберген секілді жұмыс берушінің қулығына тап болғандар еңбек инспекциясына шағымдануы керек. Өйткені, заң бойынша кешіккен қызметкерге айыппұл салынбайды.
ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
Азаматтар жұмысқа кешігіп келген үшін, бір күндік жалақысын ұстап қалу. Бұл заңсыз іс-әрекет. Өйткені неге? Бұндай жағдай жүзеге асуы мүмкін жұмыскер мен жұмысшының арасындағы келісім-шарт яғни сағатқа байланысты болса.
Сонымен, жұмысқа кешігіп келсеңіз айыппұл салынбайды. Бірақ бұл сізді жауапкершіліктен де босатпайды. Себебі, жұмысқа үнемі кешігіп келетін болсаңыз,сізге алдымен ескерту беріледі. Қайталана берсе, сөгіс жарияланады. Егер оған да көнбесеңіз жұмыстан босатуы бек мүмкін.