Павлодарда жолды қардан уақытылы тазаламаған шенділер жазаланды. Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшыларына айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы қазынаға 40 мың теңге төлеуі тиіс. Өңірде 21 лауазымды тұлға айыппұл арқалады. Полиция департаменті 3 мыңнан астам шақырым жолға тексеру жүргізген. Нәтижесінде 200-ге жуық кемшілік анықталды. Оның басым көпшілігіне жолды күтіп ұстау ережелерін бұзу және қарды уақытылы тазаламау себеп болған.
ӘДІЛ АҚМЕКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Осыған ұқсас бұзушылықтар "Павлодар-Қызылорда" республикалық маңызы бар трассасында анықталды. 36 920 теңге сомасына жергілікті жол – пайдалану басқармасының бастығы жауапкершілікке тартылды.