"Жастарды бұзып жатыр". Депутат Магеррам Магеррамов осылай деп дабыл қақты. Мәжілісмен USAID агенттігі Қазақстанда ЛГБТ ұйымдарын қаржыландырады дейді. Бұған дейін милллиардер Илон Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мекеме ессіз радикалдар басқаратын қылмыстық ұйым деп айтқан. Магеррамов Әділет министрлігі мен Экономика министрлігінен тексеру жүргізіп, шетелдік демеушілерді қаржыландыруға қатысты барлық есептерді жариялауды талап етті.
МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Соңғы күндері біз USAID қызметі туралы таңғалатын мәліметтерді естіп, білдік. Ақ үй USAID ондаған жылдар бойы "зиян жобаларды" қаржыландырғанын айтты. 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азиядағы адам құқықтарын нығайтуға 2 миллион доллар бөлген. Бірақ бағдарламаның орындаушысы Еуропалық халықаралық ЛГБТ қауымдастығы болып шықты