$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды

AstanaTV
05.02.2025ж. 19:00
86
Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды, деп хабарлайды Astana TV.

Қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті болып Бақытжан Тұрлыбеков, ал спорт жөніндегі вице-президенті-атқарушы директоры болып Бақдәулет Сәбитов тағайындалды.

Қауымдастық президенті Еркебұлан Ильясов аталған тағайындаулардың Ұлттық спорттың даму жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болды. Ал, Бақытжан Тұрлыбеков - «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті қызметін атқарады.

Еске салайық, 1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы кіреді.