$515.97 €537.8 ₽5.25
×

"Үнемі құрдымға кетуге бір қадам қалғандай сезінетінмін": Билл Гейтс 42 жасына дейін өзін табысты адам деп санамағанын айтты

AstanaTV
05.02.2025ж. 22:21
89
"Үнемі құрдымға кетуге бір қадам қалғандай сезінетінмін": Билл Гейтс 42 жасына дейін өзін табысты адам деп санамағанын айтты

Билл Гейтс 42 жасына дейін өзін табысты адам деп санамағанын айтты, деп хабарлайды CNBC Make It басылымы.

Сол уақытта оның байлығы 58 миллиард долларды құраса, ал Microsoft компаниясы 250 миллиард долларға бағаланған еді.

Гейтстің айтуынша, ол аптасына 80 сағат жұмыс істеп, кез келген қателік компания үшін апатқа әкеледі деп уайымдаған. Тек 10 жылдық тынымсыз еңбектен кейін ғана ол сәл тынышталды.

"Мен бір сәтте: "Охо, біз қателік жасасақ та, бәрі жақсы болады" деп ойладым. Бұрын мен үнемі құрдымға кетуге бір қадам ғана қалғандай сезінетінмін," – деді миллиардер.