Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Дания құрамасымен кездесті. Бірінші тайм голға толы болды. Алаң иелерінен Дуглас Жуниор дубль жасаса, Азат Валиуллин мен Ақжол Дәрібай бір-бір голдан соқты. Қарсылас команда да үш рет мергендік танытты. Оның екеуі Дәурен Тұрсағұловтың автоголы екенін айта кетейік.
Екінші таймда Валиуллин тағы бір гол соғып, есепті ұлғайтты. Ойынның нүктесін Дамир Қайырбай мен Тұрсағұлов (пенальтиден) қойды - 7:3.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 7 ұпай жинап, топтық кезеңнің көшбасшысы Арменияны қуып жетті. Алайда армениялықтарда әлі бір ойын бар. Келесі матчты қазақстандықтар 3 наурыз күні өз алаңында Албания құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, үш күн бұрын Қазақстан құрамасы Дания жерінде 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал, бүгін құрамамыз есе қайтарып, еңсесін тіктеді.