$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Елімізде "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда

06.02.2025ж. 20:00
189
Елімізде "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда

Шымкентте "Таза бейсенбі" экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолы "Шымсити" мөлтек ауданының аумағы тазартылды. Яғни, көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы шашылған қоқыстар жиналып, қураған ағаштардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға 20 дан астам "AMANAT" партиясының мүшесі, қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Шараға былтыр 3,6 мыңнан астам адам қатысып, 40 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылған.

ЕСІМХАН БЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Барлығы тазалықтан басталады. Тазалық бар жерде жұмыс та болады, тәртіп те болады, мәдениет те болады. Сондықтан біздің негізгі мәселеміз бұл жерде тұрғындарды, жастарды осы өзіміз тұрып жатқан айналасын таза ұстауға. Бұл жалпы халықтың, елдің мәдениетінің деңгейін білдіреді. Сондықтанда әркім өзі өмір сүріп отқан айналасын таза ұстаса әрі жастарға да тәрбиелік мәні өте үлкен зор.

Ақтаулық студенттер мен партия мүшелері де белсенді. Олар жағалауды қоқыстан тазартып, тұрғындарға үлгі көрсетуде. Айтуларынша, экоакцияға алғашында ондаған адам қатысса, қазір айтарлықтай көбейіп келеді дейді.

ГҮЛШАТ АЛТЫНҒАЛИҚЫЗЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Біз өзіміздің жеріміз, өзіміздің еліміз таза болғаны өзімізге жақсы. Біз осы бастаманы қолдап жанымызда студенттер бар, қала тұрғындары бар барлығы да атсалысып жатыр.

АИДА ТІЛЕКБАЕВА, СТУДЕНТ:

Партияның "Таза бейсенбі" акциясына тұрақты қатысып келеміз. Бұл біздің осы қаламыздың көрікті және таза болуына қосып жатқан үлкен үлесіміз. Бұл біз үшін де бір жағынан жақсы. Себебі өзіміздің қаламыз таза болғаны, бізге өзімізге жақсы.