2025 - идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл. Мәдениет және ақпарат министрлігінің биылғы мақсат-міндетін айқындауға арналған алқа отырысында Аида Балаева осылай деді. Бұл тұрғыда бірақатар атаулы мерейтой мен мәдени-іс шара өткізілмек. Мәселен Жеңістің 80 жылдығында "Батырларға тағзым" онлайн-платформасы іске қосылады. Порталда 1 млн-ға жуық қазақстандық жауынгердің өмір дерегі мен фотосуреттері енгізіледі. Бұдан бөлек кино саласына да көңіл бөлінеді.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
Даңқты "Қазақфильмді" қайта түлетуге біз мүдделіміз. "Қазақфильм" енді дамудың жаңа сатысына қадам баспақ. Президент қол қойған заңға сай енді еліміздегі түсірілетін фильмдердің қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы тікелей "Қазақфильмге" бағытталады.
Жиында сенат депутаты Бибігүл Жексенбай медиа саласындағы цифрлық өзгерістер, сауаттылық, қауіпсіздік пен қаржыландыру мәселелеріне тоқталды. Өңірлердегі баспасөзде қызмет ететіндердің жалақысы төмен, кадр тапшы екенін айтты.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Жергілікті аудандық, облыстық деңгейдегі БАҚ-пен өзара байланстың төмендігі аймақтық мәселелерді, шегаралық аудандардағы мәселелердің көтерілуіне кері әсер беріп отыр. Салық мәселесіне байланысты отандық медианың аса қиын жағдайға түсіп қалмауының алдын алуымыз керек. Әсіресе аймақтағы өңірлік басылымдардың жағдайы бұл салықпен одан сайын ушығуы мүмкін.