$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Түркістан облысында 20 елдімекенді су басу қаупі сейілді

06.02.2025ж. 20:00
83
Түркістан облысында 20 елдімекенді су басу қаупі сейілді

Түркістан облысында 20 елдімекенді су басу қаупі сейілді. Өңірдегі су тасқынына дайындық шараларын Қанат Бозымбаев тексерді. Вице-премьер "Бөген", "Шардара» және "Бәйдібек ата" су қоймаларын аралап, гидротехника құрылыстарымен танысты. Мамандар 86%-ке толған "Шардара" бөгетінің су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Оңтүстіктегі ең көне "Бөген" су қоймасы жөндеуді қажет етеді. Ал "Бәйдібек ата" қоймасының құрылысы өткен жылы көктемгі тасқын суларды жинау мақсатында басталған. Айта кетейік, аймақта 42 су қоймасы бар, олар орташа есеппен 32%-ға толған.