$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Үкімет басшысы Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді

06.02.2025ж. 20:00
105
Үкімет басшысы Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті. Нәтижесінде орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды.