Қосымша құн салығын көбейту туралы ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық Экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат кулуарында айтты. Сөзінше, қосымша құн салығының қанша пайызға өсетіні жөнінде әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Алдағы аптада алты жұмыс тобы өңірлерге шығады.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өз арамызда пікір алмасу болып жатыр. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдап, Парламентке кіргеннен кейін сіздер білесіздер. Қазір ол туралы айтуға ерте.