$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Павлодарда интернет дүкен арқылы жоқ тауарды сатқан пысықай ұсталды

AstanaTV
06.02.2025ж. 20:00
89
Павлодарда интернет дүкен арқылы жоқ тауарды сатқан пысықай ұсталды

Павлодарда интернет дүкен арқылы жоқ тауарды сатқан пысықай ұсталды. Ол тұтынушыларын сыйақылармен қызықтыра отырып, 100 млн. теңге пайда тапқан. Әр клиентке тауарын жарнамалап, оны бөліп төлеу арқылы сатып алуға көндіріпті. Алайда, салымшылар тауарды қолға алмаған. Кейбірі сол үшін несие алып, қарызға белшесінен батыпты. Ал пайдакүнем тұтынушылардан түскен мол қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, өзіне екі бірдей қымбат көлік сатып алған. Одан қалған қаражатына шетелде де демалыпты. Осылайша, күдікті бар жоғы 3 айда 150 адамды алдаған. Зардап шеккендер- Алматы, Ақтөбе және Павлодар тұрғындары.

АРМАН ІЗБАСТИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Сот күдіктіге қатысты үй қамақ түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР Қылмыстық процесуалды кодексінің 201-бабына сәйкес бақа ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.