$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Оралда ер адам баласын арбасымен бірге еріп жатқан өзеннің үстіне апарып тастаған

AstanaTV
06.02.2025ж. 19:20
224
Оралда ер адам баласын арбасымен бірге еріп жатқан өзеннің үстіне апарып тастаған

Орал өзеніне ер адам кішкентай баланы арбаға салып, мұздың үстіне апарып тастаған. Желіде тараған видеоға қарағанда, ол балық аулауға шыққан. Өзеннің бетіндегі мұз жартылай еріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жындыхана дерсің, адамдар есінен адасқан ба? Баланы арбаға отырғызып, мұздың үстіне тастап кеткен. Баланың ата-анасы қайда, масқара!», - дейді видеоның авторы.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткен. Полиция мұндай әрекеттің қауіпті екенін ескертеді.