Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының қыздар арасындағы шайбалы хоккейден топтық кезеңі жалғасын тауып жатыр, - деп жазды KAZINFORM.
В тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші матчында Қытайлық Тайбэй құрамасымен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші кезеңде, Тайбэй командасы алдымен есеп ашты. Алайда, қазақстандық шабуылшы Лариса Свиридова араға көп уақыт салмай есепті теңестірді.
Екінші кезеңде, қазақстандық қыздар қарсылас қақпасына 4 шайба салды. Надежда Филимонова, Юлия Буторина, Малика Алдабергенова және Анастасия Оразбаева мергендігімен көзге түсті.
Қорытындысында, Қазақстан құрамасы 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі кезде Қазақстан қыздар құрамасы 3 матчтың барлығында жеңіске жетіп, В тобында бірінші орында тұр.
9 ақпан күні, Қазақстандық қыздар топтық кезеңнің соңғы матчында Кореяға қарсы ойнайды.