$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

AstanaTV
06.02.2025ж. 22:55
67
Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

Оқыс оқиға Абай облысы Көкпекті ауданында болған. Қарт кісінің ауласын қардан тазартып беруге барған балалар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады.

"Әжейдің үйіне офицер-тәрбиешіміз Талғат Тоқтарұлының жетекшілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосылып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызып, көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны соңғы 2 күннен бері сыртқа шықпағанын ести сала шұғыл әрекет жасауға шешім қабылдадық", - дейді оқушылардың бірі Ертай Айыпқазы.

Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке кірген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған. Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды.

85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Аудан әкімдігі оқушылар мен олардың жетекшісіне алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.