$515.31 €533.96 ₽5.3
×

«Жүргізуші көліктен 10 метрге ұшып кетті»: Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
07.02.2025ж. 09:45
93
«Жүргізуші көліктен 10 метрге ұшып кетті»: Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға 6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.

Mercedes-Benz жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен жарық бағанына соғылған.

Соққының қатты болғаны соншалық, жас жігіт көліктен 10 метрге ұшып кеткен. Ол ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлікте болған жолаушы да зардап шегіп, оған медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Полиция жол апатының мән-жайын анықтауда.