$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болып, бір адамды күйік шалды

AstanaTV
07.02.2025ж. 10:12
92
Астанада техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болып, бір адамды күйік шалды

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы ашық жалынмен жанды.

ТЖМ күштері 250 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Өрт салдарынан станцияны жалға алған 1986 жылы туған ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Бір шағын автобус пен бір жүк көлігіне зақым келді.