Полиция мектеп оқушыларыныңың ата-аналарына үндеу жасады.
WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға (құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылатыны туралы ақпарат тарап жатыр.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, WhatsApp чаттарында таралып жүрген хабарлама шындыққа жанаспайды.
«Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн», - делінген ІІМ хабарламасында.