Танымал әнші Ерке Есмахан ұзаққа созылған саяхаттан оралып, перзентханаға дайындалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі отбасымен Европа аралап келген еді.
“Бір айлық саяхатымыздың әдемі нүктесін қойдық. Әрқайсымыздың қалауымыз, арманымыз орындалған демалыс болды. Алла қаласа, келесі жанұялық сапарымыз бесінші адамға толықсын деп тілейміз", – деп жазады әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінен перзентхана сөмкесін дайындап жатқанын сұрады. Алайда эстрада жұлдызы әлі дайындамағанын айтты.
“Бір Dior сөмкесімен шыға саламын деп тұрмын”, – деді әнші. Көпшілік әншінің аман-есен дүниеге сәбиін алып келуін тілеп жатыр.
“Жүкті әйелдің мәртебесі – өте жоғары. Пайғамбарымыз бұл туралы: "Әйел құрсақ көтерсе, оған Алла жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады екен”, – деп жазды оқырман қауым.