$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды

AstanaTV
08.02.2025ж. 07:19
81
Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды

 Полиция қызметкерлері Қызылордада такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, қала орталығына апарып тастауды сұраған. Жүргізуші айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жәбірленушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, көліктен түсіріп кеткен. Кейін автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан іздерін суытқан. 

Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Көп ұзамай полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздеу жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. 

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.