$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Мемлекеттің 50 млн ақшасына көлік алып алған ферма басшысы сотталды

AstanaTV
08.02.2025ж. 08:03
79
Мемлекеттің 50 млн ақшасына көлік алып алған ферма басшысы сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы мемлекеттік субсидия ретінде бөлінген 50 млн теңгеден астам қаржыны ферманың дамуына емес, қымбат жол талғамайтын көлік сатып алуға жұмсаған деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеу мәліметінше, 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін ол «жалған құжаттар» арқылы сүт өнімдерін өңдеуге арналған субсидияларды заңсыз алған. Ол кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны және «өзара есеп айырысу» туралы жалған құжаттар тапсырған.

Сот сүт жеткізуге қатысты келісімдерді заңсыз деп таныды.

«Заңсыз алынған субсидияға күдікті Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін сатып алғаны анықталды. Ол көлікті тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаның атына рәсімдеген», – деп мәлімдеді агенттік.

Көлікке бұғат қойылды. Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауда ұстау туралы шешім шығарды.