$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Жетісу облысында қайтарылған активтерге жаңа мектеп салынады

07.02.2025ж. 20:00
657
Жетісу облысында қайтарылған активтерге жаңа мектеп салынады

Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады. Жоба қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылмақ. Үкімет оған арнайы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлді. Елдімекендегі жалғыз мектепте екі ауысымда 53 бала оқиды. Онда асхана, спорт және акт залдары жоқ, әрі пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа оқу ошағы осы мәселелерді түгел шешпек.

БАХЫТ ЕШМҰХАНБЕТҚЫЗЫ, КӨКСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа мектеп салынады деп жатқан жаңалық келгенде, әрине, қатты қуанып жатырмын! Өйткені жаңа мектептің болашағы өте зор ғой. Жетіспей тұрғаны бізге сол бір жақсы, қазіргі заман талабына сай мектеп.