$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Атыраудағы мектеп-гимназиясынан жарылғыш зат табылған жоқ

07.02.2025ж. 20:00
152
Атыраудағы мектеп-гимназиясынан жарылғыш зат табылған жоқ

"80 миллион теңге аудармасаң, мектепті жарамыз". Атырауда мектеп мұғаліміне келген хабарлама оқушылар мен ұстаздардың зәресін алды. Қаладағы N3 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі шетелдік телефон нөмірінен келген орыс тіліндегі хабарламаны директорға көрсеткен. Оқу орны басшылығы дереу тиісті органдарға хабарлапты. Қауіпсіздік үшін таңертеңгі ауысымдағы соңғы сабақ пен жоспарланған тәрбиелік шаралар болмай қалды.

НҰРГҮЛ ҚАНАФИНА, N3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Бұл жерде біз оқушылардың өмір қауіпсіздігіне жауап береміз. Тарих пәнінің мұғалімінен мектепке бомба қойылғанын, егер балалардың өмір қауіпсізлігін сақтағысы келетін болса, счет жіберген, сол счетқа 80млн ақша сұраған болатын.

Мектепте 2500-ге тарта оқушы білім алады. Полиция күдіктіні әлі анықтамаған. Тергеудің құпиялылығын алға тартып, қоңыраудың қайдан түскенін айтпай отыр.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құзырлы органдар ешқандай күдік тудыратын заттар анықтаған жоқ. Қазіргі таңда терроризм актісіне қатысты көрнеу жалған хабарлау дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде