$488.53 €531.91 ₽5.68
×

"Қосымша құн салығының мөлшерлемесі - әлеуметтік, экономикалық маңызды мәселе" - депутат

07.02.2025ж. 20:00
313
"Қосымша құн салығының мөлшерлемесі - әлеуметтік, экономикалық маңызды мәселе" - депутат

Қосымша құн салығының мөлшерлемесі - әлеуметтік, экономикалық маңызды мәселе. Президенттің нақты тапсырмасынан соң Үкімет, Парламент пен бизнес өкілдері ортақтасып бір шешімге келу керек. Сенат депутаттары осылай дейді. Айтуларынша салық мөлшерлемесі неғұрлым жоғарыласа - бизнес пен халықтың жағдайының көлеңкеге кету қаупі де соғұрлым артады.

БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қосымша құн салығыны деген өте қиын салық. Жаңа алдында айтып өттім, әкімшелендіру дейтін мәселесі өте қиын. Сондықтан бұның табиғатын зерттеуіміз керек қандай екенін. біз депутаттар мына бизнес өкілдерімен, Үкіметпен бірлесе отырып халыққа бір тиімді шешімді ұсына алатындай болуымыз керек.

ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі күні президент бизнес өкілдерімен кездескенде көптеген мәселенің бетін ашты. Шынына келгенде қосымша құн салығы жаңағы әртүрлі салаға әртүрлі әсер етеді, әсерін береді. Және соған байланысты біз ойлануымыз керек. Бюджет тапшылығы ертеңгі күні көптеген әлеуметтік мәселені шешпей қалуы мүмкін. Соған байланысты үкімет жан-жақты қарап, осы саладағы қосымша құн салығын көбейту туралы, бір салада азайту туралы деференциялды келу туралы әңгімелерді айтып жатыр.