$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Павлодарда өрттен зардап шеккен адамның жағдайы ауыр

07.02.2025ж. 20:00
86
Павлодарда өрттен зардап шеккен адамның жағдайы ауыр

Павлодарда қала іргесіндегі Атамекен кентінде тұрғын үй өртеніп, 1 адамға иіс тиген.

Оқыс оқиға таңғы уақытта болған. Салдарынан мүмкіндігі шектеулі 19-дағы жігіт ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Әзір есін жимаған. Ол өрт болған кезде үйде жалғыз болыпты. Біреуге хабарласып та үлгермепті.

АЛЕКСАНДР КОМКОВ, ОБЛЫСТЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ТОКСИКОЛОГЫ:

Жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Біз қолдан келген ем шараның бәрін жасап жатырмыз. Қазіргі жағдайы да көңіл көншітерлік емес. Өте ауыр.

Өрттен үйдің түгі қалмай, жанып кетті. Тұруға жарамсыз. Қазір бұл отбасы пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Екі қабатты ескі үйдің салынғанына 60 жылдан асқан. Мамандар тілсіз жауға тоқ сымдарының тұйықталуы себеп болғанын айтады.