$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Қызылжарда 12 жасар бала эксперимент өткізбекші болып, беті-қолын күйдіріп алған

07.02.2025ж. 20:00
75
Қызылжарда 12 жасар бала эксперимент өткізбекші болып, беті-қолын күйдіріп алған

Қызылжарда 12 жасар бала эксперимент өткізбекші болып, беті-қолын жаралап алған. Оқиға Рабочий кентінде тапа-тал түсте болған. Екінші ауысымда оқитын бала мектепке бара жатқан кезде дүкеннен химиялық заттар сатып алып, оны бөтелкенің ішінде араластырған. Салдарынан бөтелке жарылып, жасөспірімнің қолын, бет жүзі мен көзін күйік шалған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын зерттеп, кінәлі тарапты анықтап жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті Петропавл қаласының полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы зерделенуде. Балаға медицтналық көмек көрсетілді. Оның өміріне еш қауіп жоқ. Полиция тұрмыстық заттарды қолдану кезінде қауіпсіз ережелерді сақтау туралы балалардың арасында түсіндіру жұмыстарының маңызды екенін еске салады.

Науқас қазір аурухананың офтальмологиялық бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Алайда, оң көзі қатты зақымдалған екен. Мектеп басшылығы бұл оқушының сорақы мінезімен көзге түспегенін айтады. Ал аталған эксперимент химия пәнінің оқу жоспарында жоқ көрінеді.

ТАТЬЯНА ВОСТРЯКОВА, № 27 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл үй тапсырмасы емес. Оқу барысында баланың өміріне қауіп төндіретін тәжірибелі сабақтар өткізілмейді. Ол бұл экспериментті ғаламтордан көрсе керек. Балалардың бос уақытын ата-аналары мұқият қадағалауы тиіс.