$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Жамбылда мектеп жұмысшысы ағаш кесемін деп ашал құшты

07.02.2025ж. 20:00
83
Жамбылда мектеп жұмысшысы ағаш кесемін деп ашал құшты

Жамбылда мектеп жұмысшысы ажал құшты. Байзақ ауданы Дихан тірек мектебінің техникалық қызметкері тал кесу үшін жоғарыға шыққан. Сол кезде құлап, көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса, уәкілетті органдар арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Жазатайым жағдайға қан қысымының күрт көтерілуі себеп болуы мүмкін деген болжам да бар.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ауылдық тірек мектебінің 51 жастағы жұмысшының қаза болу дерегі бойынша, ҚР ҚК 156-шы бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тергеуге байланысты қажетті барлық сараптамалар тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тексеріс жасау үшін қаулы шығарды.