Ел аумағының 42%-і сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Осы себепті сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдану бойынша кешенді шаралар қабылданады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты. Бүгін Мәжіліс қабырғасында Қоғамдық палата мүшелері Құрылыс кодексінің жобасын талқылады. 1 жылдан астам уақыт бойы қаралып жатқан кодекс аясында саланы реттеудің жаңа нысандары айқындалды. Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесіне сәйкес мамандарды сертификаттауды жүргізу нәтижелері бойынша бірыңғай цифрлық тізілім енгізіледі.
ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Қоғамдық бақылау, цифрландыру және ақпараттық қамтамасыз ету, техникалық нормалау, абаттандыруды іске асыру үшін тиісті құқықтық нормалар әзірленді. Мониторинг жүргізудің бірыңғай цифрлық алаңы өз бетінше құрылыстың жолын кесуге және рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тыйым салуға мүмкіндік береді.