$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды

AstanaTV
08.02.2025ж. 10:00
53
Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды

Бразилияда мектептерде смартфон пайдалануға тыйым салынды. Шектеу бастауыш және орта сынып оқушыларына, сондай-ақ балабақша балаларына қатысты енгізілген.

Жаңа заңға ел президенті 13 қаңтарда қол қойған. Осы айдан бастап күшіне енді. Телефонды сабақ үстінде де, үзіліс кезінде де ұстауға болмайды. Оларды арнаулы сөреге қойып, бекітіп қояды. Бірақ мұғалімнің рұқсатымен білім алу және қауіпсіздік мақсатында пайдалануға рұқсат бар. Мамандар гаджеттер сабақта балалардың зейініне кері әсер етеді.

203 миллион халық тұратын Бразилияда 258 миллион смартфон бар екен. Былтыр ел тұрғындары күніне 9 сағат 13 минут экранға үңіліп, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштің біріне ие болған.

Дави Занелле, оқушы: - Мектепте ұялы телефоннан қол үзгелі бір-бірімізбен көп сөйлесетін болдық. Әңгімелескен анағұрлым жақсы екен ғой. Әйтпесе телефоннан бас көтермей, мылқауға айналып едік.

Мейре Носито, мектеп директоры: - Оқушылар концентрация жасай алмай қалды ғой. Гаджеттерді шамадан тыс көп қолданып, әбден оқшауланып қалды. Әлеуметтік желіден шықпайды. Бұл әлеуметтік-эмоциялық жағынан кері әсер етеді.

Бұл туралы  24.kz хабарлайды.