$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды

AstanaTV
08.02.2025ж. 12:19
55
Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды

Танымал әнші Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 жастағы ұлы Бейбарыс мен келіні Әсем балалы болып, Роза Әлқожа әже атанды.

Немересіне Әбдірахман деп ат қойған әнші оны қырқынан шығарып, сәбидің шашын Салтанат Айбергенова қиды. 

"Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!" – деп жазды әнші.