8 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде алғашқы финалдар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы спринтте қазақстандық Дарья Ряжко, Мария Люфт, Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Бұған дейін шорт-тректен Қазақстан құрамасы мен конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин күміс жүлдені иеленді.