ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
2025 жылғы 8 ақпан күні сағат 12:40–та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 8 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.
Жолға шығушыларға 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.