$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Константин Борцов - қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері

AstanaTV
08.02.2025ж. 16:23
77
Константин Борцов - қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері

29 жастағы Ақмола облысының шаңғышысы Константин Борцов классикалық спринтте үшінші орынға ие болды. Чемпиондық атақты қытайлық Ван Цян жеңіп алды. Ал, күміс жүлде жапониялық Харуки Ямашитаға бұйырды. Қазақстандық Олжас Климин бесінші нәтиже көрсетті.

Константин Борцов бұған дейін екі әлем чемпионатына (2021, 2023) қатысқан. Оның ең жақсы нәтижесі 16-орын болды. Ал, енді міне тәжірибелі спортшы Харбинде жеңіс тұғырына көтеріліп, қола жүлдегер атанып отыр. 

Классикалық спринт 2007 жылдан бері Азия ойындарының бағдарламасына енді. 2011 жылы Қазақстан құрамасы бұл жарыста күміс және қола медаль жеңіп алса, 2017 жылы Алексей Полторанин алтын медаль иегері атанды. 

Сонымен, Харбинде құрамамыздан алғашқы күміс медальді 2000 метрлік эстафетада шорт-трекшілеріміз иеленсе, 100 метрге конькимен жүгіруде Евгений Кошкин де күміс жүлдегер атанды. Шаңғы жарысындағы Константин Борцовтың қола медалі құрамамыз үшін қысқы Азия ойындарындағы үшінші жүлде болды.