Украина президент Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамптың командасымен келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада Киев америкалық шенеуніктермен келіссөздер өткізетінін хабарлады.
Бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, Киев пен Вашингтон арасында “командалық деңгейде” келіссөздер жүргізіледі деп күтіліп отыр.
- Алдағы апталар дипломатия тұрғысынан өте қарқынды болмақ. Біз бұл уақыттың тиімді және нәтижелі өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз әрдайым президент Трамппен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ командалық деңгейде кездесулер мен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Украина мен АҚШ командалары қазірдің өзінде келіссөздердің егжей-тегжейін талқылап жатыр. Берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік жақындай түсуі керек, – деп жазды Зеленский.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа америкалық әкімшілік Украина және Ресеймен кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.