Жамбыл облысында ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшы ағаштан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізілуде.
Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне тексеру жүргізу туралы қаулы мен хат жолданды.