Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Жарнама туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
4178
Жарнама туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Астана әуежайының атауы өзгерді. Бүгін осы жаңалық елді елең еткізді. Енді нысан "Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық аэропорт" деп аталады. Үкіметтің тиісті қаулысы да бар. Жаңалықты естіген мәжілісмендердің көңілі аса көтеріңкі.

Ал палатаның жалпы отырысында жарнама беру талаптары сөз болды. Тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Олқылықтар әлі де жеткілікті. Құжатты таныстыра келген Ұлттық экономика министрі оны екінші оқылымға дейін түзетуге уәде берді. 

Әлбетте, күнт әртібіндегі мәселеге көшпес бұрын депутаттар күннің басты жаңалығына тоқталды. Әуежайға Президент есімін беруді бірінші болып Парламент ұсынған. Сенатор  Дархан Қалетеав пен мәжілісмен Бақытгүл Хаменовалар Назарбаев атауын Астана шаһарына беру басмасын көтергені де есте. Ал Президент Астананың "бренд" екенін айтып оларға тоқтау салған. Сөйтіп, Елбасы есімі әуежайға берілді

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бүгінгі күні ақ түйенің қарны жарылды десек те болады. Әуежай деген сол елдің қақпасы. Елбасының аты тәуелсіздікпен - егіз ұғым. Сондықтан ең бір сәтті бастама болды деп ойлаймын.

Ал күн тәртібінде жарнама туралы заң жобасы таныстырылды. Бүгінде "Жарнама" жұмысы 17 заңнамалық актімен реттеледі. Оның 14 органға қатысы бар. Басы ашылмаған мәселе көп. Тіпті жарнама беруші "Ледэкран" мен "Билбордқа" бірдей қаржы төлеуге мәжбүр. Қаржыдан бөлек, мазмұнына кімнің жауапты екені де түсініксіз.

"Берлога", идет поворот на районный центр в сторону акимата. Сауна. Кто же утверждает? Казавтожол. Зачем вам это нужно? 

Ал жол салумен айналысатын компания идеологиялық жауапкершіліктен құтылуға асық.

Мы предлогаем данную функцию местным исполнительным органам, чтобы они давали разрешения.

Құжатта бұрын соңды болмаған бірқатар әкімшілік жауапкершіліктер бар. Алкоголь, темекі, лотерея ойындарын жарнамалауға тиым салынады. Тауар бағасын доллармен көрсету шектелген. Оған қоса, міндетті 15 теле-радио арналарда тегін әлеуметтік жарнама шығару көлемі белгіленбек.

Алан Әжібаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары:

В прайм-тайм будет выходить два ролика. С 6 часов до 12.

Телеарналарда бір сағатта жарнама көлемі 20 пайыздан аспауы керек. Депутаттар республикалық маңызы бар жол бойларына орналасқан билбордтардан 22 әріп қатесін тапқан. Мемлекеттік рәміздер атымен жоқ дейді. Ал қателіктерді тізбелеген депутат неге екені түсініксіз "Просто Марияны" мысалға келтірді.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

"Просто Мария" деген бір кино болып еді, біреуді жақсы көрді, басқа біреуінен бала тауып алады. Сосын басқа біреуге тиіп алады. Жарнамалардың бәрі бизнестің ғана емес, мәдениетіміздің адамға тәрбие беретіндей болуы керек.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Министр Сүлейменов олқылықтарды екінші оқылымға дейін түзетуге уәде берді.